04 желтоқсаннан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00016368 (SKKZb30) және KZ2C00016376 (SKKZb31) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 04.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2025 жылдың 04 желтоқсанында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00016368 (SKKZb30; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, инфляция индексі + тиянақталған купон; 30/360);
- KZ2C00016376 (SKKZb31; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, инфляция индексі + тиянақталған купон; 30/360).
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 04 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 27 тамызында 1,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде 18-ші және 19- шы болып табылады.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-04]