KZ
19 желтоқсан 2025, 04:41
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.12.2025 12:26 #Қаржы құралдары

03 желтоқсаннан бастап "Garanti Leasing" ЖШС KZ2P00016264 (GLLKb1) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 03.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 02 желтоқсанында "Garanti Leasing" ЖШС (Астана) KZ2P00016264 (GLLKb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 12 ай; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялардың баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 03 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"Garanti Leasing" ЖШС қызметінің негізгі түрі – лизингтік қызмет.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-12-03]