KZ
2 желтоқсан 2025, 22:41
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.12.2025 17:51 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қараша айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 02.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.

2025 жылдың қараша айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 76 эмитенттің 89 атауындағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциялар "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.

2025 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 38,4 трлн теңгені ($74,3 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,2 трлн теңгеге немесе 3,0% - ға төмен.

---------------------------------------------------------
                        28 қараша  31 қазан        Δ Δ, %
----------------------- --------- --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT 38 377,43 39 553,98 -1 176,5 -3,0
Капитализация, млн USD  74 251,12 74 620,29   -369,2 -0,5
---------------------------------------------------------

Қараша айында акциялармен сауда-саттық көлемі 52,6 млрд теңгені құрап, қазан айына қатысты 2,2 есеге немесе 28,6 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 2,6 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,8 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 11 155 (қайталама нарықта – 10 891 мәміле), бір мәміленің орташа көлемі – 235,7 мың теңгені (қайталама нарықта – 74,4 мың теңге) құрады.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларының KASE жария ұсынысының нәтижелері бойынша бір акция үшін 298,66 теңге бағамен 121 800 000 акцияны сатып алуға 5 291 өтінім қанағаттандырылды. KASE-ке қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық көлемі 36,4 млрд теңгені (70,0 млн АҚШ долларына баламасы) құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша жеке тұлғалардың үлесі 14,2 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 12,9 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 72,8 % және басқа заңды тұлғалардың үлесі – 0,1 %-дан азды құрады.

Қарашада қайталама нарықта сауда көлемі 16,2 млрд теңгені құрады, бұл қазан айынан 32,3 %-ға немесе 7,7 млрд теңгеге жоғары.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 66,0 %, банктердің үлесіне – 3,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 15,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 0,9%, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 14,7 % тиесілі жеке тұлғалар неғұрлым белсенді болып табылады. Бейрезиденттердің үлесі 8,0 % құрады.

Қараша айында KASE Индексінің мәні 4,4 %-ға төмендеп, айдың соңына қарай 6 818,90 тармақты құрады.

2025 жылғы қарашада индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 14,1 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қазан айындағы көрсеткіштен 7,2 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акцияларына – 4,3 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 30,6 %) келді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------
                                 Соңғы мәміленің бағасы,  Сауда-саттық көлемі *, Капиталдандыру**,
                                   бір облигацияға теңге               млн теңге        млрд теңге
         Free Индекс ----------------------------------- ----------------------- -----------------
                тегі                                                                   
       float, үлесі,                          с 01.01.25                                          
            %     %* 28 қараша  31 қазан Δ, %       Δ, %   қараша    қазан  Δ, %       на 28.11.25
------ ------ ------ --------- --------- ---- ---------- -------- -------- ----- -----------------
KZTK     19,2    4,1 40 300,00 38 520,00 +4,6       -7,9    977,9    294,0  x3,3             438,7
AIRA     41,6    6,5    890,00    869,88 +2,3       +8,5  2 041,6  2 831,6 -27,9             313,3
KCEL     34,1   11,3  3 335,00  3 353,64 -0,6       -2,8     28,7  2 891,8 -99,0             665,3
KZTO     10,0    1,6    837,00    843,90 -0,8       +2,1    373,8    420,7 -11,1             323,9
KMGZ      2,6   15,5 22 160,00 22 400,00 -1,1      +51,6    671,2  1 211,1 -44,6          13 487,9
KEGC     15,0    2,9  1 395,00  1 421,00 -1,8       -8,6    548,5    850,9 -35,5             384,2
KSPI     32,8   15,0 39 445,00 41 400,00 -4,7      -27,7  1 766,2  2 399,6 -26,4           7 660,3
KZAP     25,0   14,5 28 247,99 30 530,00 -7,5      +40,0  1 685,2  2 816,1 -40,2           7 331,4
HSBK     30,3   14,4    320,00    349,99 -8,6      +24,8  4 321,9  4 439,1  -2,6           3 522,7
CCBN     48,2   14,3  4 600,00  5 044,00 -8,8       x2,1  1 729,7  3 145,0 -45,0             805,5
Индекс      –      –  6 818,90  7 131,47 -4,4      +22,2 14 144,7 21 299,9 -33,6                 –
KASE                                                                                              
--------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелерді, тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді және SPO 
  шеңберінде орналастыруды есепке алмағанда
** артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияны 
капиталдандыру

[2025-12-02]