2025 жылдың қараша айындағы KASE МБҚ нарығына шолу
/KASE, 02.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына (МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.
2025 жылдың қараша айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 105 облигация шығарылымы, оның ішінде 91 МЕКАМ шығарылымы және 14 еурооблигация шығарылымы, 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нота шығарылымы, 252 жергілікті атқарушы органдардың облигациялары және 65 шет мемлекеттердің облигациялары шығарылымы болды.
Қараша айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 767,7 млрд теңгені ($1,5 млрд) құрады және қазан айымен салыстырғанда 28,1 %-ға немесе 168,4 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 38,4 млрд теңгені (қайталама нарықта – 9,2 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 13 (қайталама нарықта – 8), бір мәміленің орташа көлемі – 3,1 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,2 млрд теңге) құрады.
Бастапқы нарықта қараша айында жалпы сомасы 584,3 млрд теңгеге ($1 113,2 млн) 93 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 12,0 % - ға немесе 62,8 млрд теңгеге жоғары:
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Ұсыным- Орташа- Өтеуге
Орналасты- Сауда- Сауда-саттық көлемі, ға саралан- мерзімі,
ру күні Сауда-саттық ISIN саттық млн USD сұраным ған кірістілік жыл
коды көлемі, %
млрд KZT
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
04.11.2025 MOM060_0055 KZK200000778 57,2 108,2 169,3% 17,08 4,9
MUM084_0020 KZKD00001285 34,4 65,1 х2,4 17,03 6,3
MUM120_0020 KZKD00001269 62,1 117,6 х3,5 17,00 9,3
MUM192_0001 KZKD00000477 54,0 102,3 185,3% 17,11 2,0
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
11.11.2025 MUM096_0014 KZKD00001228 47,7 91,2 151,4% 17,10 5,5
MUM096_0015 KZKD00001301 42,0 80,2 х4,9 17,00 7,6
MUM180_0008 KZKD00000659 40,0 76,4 144,9% 17,13 2,0
MUM180_0015 KZKD00001186 60,0 114,6 х2,6 16,95 10,8
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
14.11.2025 SKK022_279 KZMJ00002798 0,5 1,0 100,0% 8,94 1,8
ZKK022_278 KZMJ00002780 1,8 3,4 100,0% 8,94 1,8
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
18.11.2025 MOM060_0055 KZK200000778 41,3 78,8 х3,0 16,90 4,9
MUM072_0013 KZKD00001145 17,6 33,7 х2,2 17,01 1,5
MUM120_0020 KZKD00001269 50,9 97,2 х5,2 16,87 9,2
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
20.11.2025 SHK022_021 KZSJ00000218 4,6 8,9 100,0% 4,24 1,8
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
25.11.2025 MUM096_0015 KZKD00001301 41,8 80,4 х4,6 16,58 7,5
MUM156_0006 KZKD00000964 11,4 21,8 х2,6 16,60 5,5
MUM180_0008 KZKD00000659 7,6 14,6 х4,9 16,88 1,9
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
27.11.2025 KGK024_241 KZMJ00002418 3,2 6,2 100,0% 0,35 1,7
KOK024_216 KZMJ00002160 2,6 5,1 100,0% 0,35 1,5
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
28.11.2025 SHK120_022 KZSJ00000226 3,5 6,8 100,0% 18,90 10,0
---------- ------------ ------------ -------- -------------------- ------- -------------- --------
БАРЛЫҒЫ 584,3 1 113,2
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 61,9 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 1,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 28,6 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 8,4 %, жеке тұлғалардың үлесіне-0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 5,2 % құрады.
Қайталама нарықта қараша айында жалпы сомасы 183,4 млрд теңгеге (3 349,4 млн) 158 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,4 есе немесе 105,7 млрд теңгеге жоғары.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 46,4 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне – 2,8 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 3,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 47,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,2% тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда- саттыққа қатысу үлесі 25,9 % құрады.
Қараша айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері мынадай өзгерістерді көрсетті:
-----------------------------------------------------------------------------
Бір айдағы өзгеріс
30.11.25 теңге / б.т.
ж.б. мәні
----------------------------------------------- ---------- ------------------
"Таза" бағалар индекстері, теңге
-----------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 195,44 +37,09
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 936,03 -76,63
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам 753,92 -197,03
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 877,27 -147,38
KZGB_CP сегменттеу мерзімі жоқ 904,33 -151,59
-----------------------------------------------------------------------------
"Таза емес" бағалардың индекстері, теңге
-----------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 453,95 +160,80
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 1 242,98 -5,88
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам 1 026,66 -151,29
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 1 102,79 -50,67
KZGB_DP сегменттеу мерзімі жоқ 1 098,92 -79,87
----------------------------------------------- -----------------------------
Кірістілік индекстері, %
-----------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен 16,66 +4,03
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 16,59 +5,01
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам 16,58 +5,08
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 16,59 +5,01
KZGB_Y сегменттеу мерзімі жоқ 16,59 +5,01
-----------------------------------------------------------------------------
[2025-12-02]