KZ
2 желтоқсан 2025, 20:29
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.12.2025 15:09 #Сауда-саттық ақпараты

02 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 желтоқсанда болатын МЕККАМ KZK100000423 (MKM012_0161) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 02.12.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 04 желтоқсанда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) KZK100000423 (MKM012_0161) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 5 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,0687 % (кірістілік – жылдық 16,78 %) деңгейінде белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 желтоқсанда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 164 күн МЕККАМ KZK100000423 (MKM012_0161) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-12-02]