KZ
2 желтоқсан 2025, 20:28
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.12.2025 14:58 #Сауда-саттық ақпараты

02 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 желтоқсанда болатын МЕУКАМ KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 02.12.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 04 желтоқсанда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 54 468 965 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 90,0995 % (кірістілік – жылдық 16,10 %) деңгейінде белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 04 желтоқсанда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 9,2 жыл МЕУКАМ KZKD00001269 (MUM120_0020) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-12-02]