KASE және Turkish Investor Relations Society (TUYID) бірлескен вебинар өткізді
/KASE, 01.12.25/ – 2025 жылдың 28 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) Turkish Investor Relations Society (TUYID) компаниясымен бірлесіп ""Unlocking Value: Mastering Investor Relations to Reduce Country Risk and Optimize Your Cost of Debt" онлайн-вебинарын өткізді.
Вебинарда TUYID сарапшылары инвесторлармен жұмыс істеудегі заманауи трендтер, компаниялардың ашықтығына қойылатын жаңа талаптар, сенім қалыптастырудағы аналитика мен деректердің рөлі, сондай-ақ компаниялар, акционерлер мен нарық арасында тиімді коммуникацияларды қалай құру керектігі туралы айтып берді.
Қатысушылар компанияларға өз беделін нығайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік беретін практикалық құралдарды, ақпаратты ашу тәсілдерін және табысты IR стратегияларының мысалдарын талқылады.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-12-01]