KZ
2 желтоқсан 2025, 01:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.12.2025 16:34 #Қаржы құралдары

02 желтоқсаннан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015712 (MFSCb8) және "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00015886 (MFAFb13) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 01.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 желтоқсанынан бастап "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне келесі облигациялар аударылатынын хабарлайды:

1) KZ2P00015712 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFSCb8; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 26.11.25 – 26.05.27; ай сайынғы купон, жылдық 21,50 %; 30/360) "МФО "Swiss Capital (Свисс Капитал)" ЖШС;

2) KZ2P00015886 (KASE балама алаңы,"коммерциялық облигациялар" санаты, MFAFb13; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 24.11.25 – 24.11.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) "аФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2025-12-01]