Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС KZ2P00016116 (TTLSb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 01.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 желтоқсанынан бастап "TRANZIT TRANS LOGISTICS"ЖШС KZ2P00016116 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, TTLSb1; $100, $20,0 млн; 28.11.25-28.11.28; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-01]