KZ
2 желтоқсан 2025, 01:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.12.2025 11:01 #KASE мүшелері

KASE Директорлар кеңесі "Alatau City Invest" АҚ-ны "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады

/KASE, 01.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 28 қарашасындағы шешімімен "Alatau City Invest" АҚ (Алматы) "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.

Осы санат бойынша мүшелік шетел валюталарымен биржалық сауда- саттыққа қатысу құқығын береді.

Директорлар кеңесінің осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

[2025-12-01]