Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C00004521 (SNRGb4) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 01.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 желтоқсанынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C00004521 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, SNRGb4; 100 теңге, 30,0 млрд теңге; 30.11.18 – 30.11.25; жылдық купон, жылдық 11,20%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды
Аталған облигациялар 2018 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына енгізілген. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 01 наурызынан бастап ашылды.
[2025-12-01]