Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 01.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 желтоқсанынан бастап "Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTTRb1; 100 теңге, 18,8 млрд теңге; 30.03.06 – 30.11.25; жылдық купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды
Аталған облигациялар 2006 жылдың 19 қазанынан бастап "А" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2006 жылдың 01 қарашасынан бастап ашылды.
[2025-12-01]