28 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 28.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 қарашасынан бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды.
Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 23 қазанынан бастап тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2025 жылдың 23 қазанындағы "23 қазанынан бастап KASE-де Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– толығырақ
[2025-11-28]