KASE 2025 ЖЫЛДҢ ЖЕЛТОҚСАНЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 27.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге 2025 жылдың желтоқсанына айналымға жіберілгендер қатарынан өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 24 қарашасындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылғы 01-31 желтоқсаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 73 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылдың қарашасына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:ETF US4642871846 (сектор "KASE Global", FXI_KZ) iShares China Large-Cap ETF;
1) US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) Johnson & Johnson;
2) US6745991058 жай акциялары ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp.
2025 жылдың қарашасына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізімінен мыналар шығарылды:
1) US0090632078, US0090631088 жаһандық депозитарлық қолхаттар (базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акциялар болып табылатын "туынды бағалы қағаздар" секторы);
2) KZ1C00000256 жай акциялары (KASE баламалы алаңы,"акциялар" секторы, IFDR) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ;
3) US30231G1022 ж ай акциялары ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation;
4) KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) "Alatau City Invest"АҚ басқаруындағы "allGA" инвестициялық интервалдық пай қоры (ИИПҚ);
5) ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
6) KZPF00000900 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIwah) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы"Wardat al hayat" ИИПҚ
7) KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" ИИПҚ;
8) ETF US46090E1038 ("KASE Global" секторы, QQQ_KZ) Invesco QQQ Trust, Series 1.
2025 жылдың желтоқсанына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
2025 жылдың қарашасына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-27]