01 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE_BM * СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ 75 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ
/KASE, 27.11.25/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (әдістеме) сәйкес 2025 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2D00015328 (BIGDb6) BI Development Ltd. жеке компаниясы;
2) KZ2C00013936 (BTRKb24) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;
3) KZ2C00013688 (JSBNb7) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ;
4) KZ2C00013696 (JSBNb8) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ;
5) KZ2C00015535 (KAFIb16) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;
6) KZ2C00015543 (KAFIb17) "ҚазАгроҚаржы" АҚ;
7) KZ2C00012409 (KFUSb92) "Қазақстаннық орнықтылық қоры" АҚ
Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі алаңының қор нарығының индикаторларын: KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.
2025 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 75 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады толығырақ
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2025-11-27]