KZ
3 желтоқсан 2025, 21:06
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.11.2025 12:10 #Корпоративтік уақиғалар

25 желтоқсанда "Алтыналмас АК" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 26.11.25/ – "Алтыналмас АК" АҚ (KASE тикері – ALMS) 2025 жылдың 25 желтоқсанында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

2) қоғамның 2025 жылдың тоғыз айдағы жеке қаржылық есептілігін бекіту;

3) қоғамның 2025 жылдың үшінші тоқсандағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. 2025 жылдың үшінші тоқсанында қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-11-26]