26 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595714087, US48667QAP00 (KMGZe12) және XS1807299331, US48667QAS49 (KMGZe15) облигацияларымен сауда- саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 26.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 26 қарашасынан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) XS1595714087, US48667QAP00 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KMGZe12);
2) XS1807299331, US48667QAS49 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KMGZe15).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес аталған облигациялардың алдағы мерзімінен бұрын ішінара өтелуіне байланысты тоқтатыла тұрады.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2025 жылдың 24 қарашасындағы ""ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және KazMunaiGaz Finance Sub B. V. XS1595714087, US48667QAP00 (KMGZe12) және XS1807299331, US48667QAS49 (KMGZe15) халықаралық облигацияларын сатып алу туралы тендерлік ұсыныстар жариялайды" тақырыбындағы жаңалықтары жарияланған болатын – толығырақ
[2025-11-26]