KZ
26 қараша 2025, 13:09
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.11.2025 15:22 #Сауда-саттық ақпараты

25 қараша күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 қарашада болатын МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 25.11.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 27 қарашада болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 8 971 548 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 84,1277 % (кірістілік – жылдық 16,88 %) деңгейінде белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 27 қарашада болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,9 жыл МЕУКАМ KZKD00000659 (MUM180_0008) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-11-25]