KZ
26 қараша 2025, 03:20
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.11.2025 14:40 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-ның мажоритарлық акционері болды

/KASE, 25.11.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-ның бақылау акциялар пакетін иеленгені туралы хабарлайды. Мәміле нәтижесінде "ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ-ның жарғылық капиталындағы үлесін 75%-ке дейін ұлғайтты. Осылайша, Home Credit Bank "ForteBank" АҚ-ның еншілес банкі мәртебесін алды.

Мәміле "ForteBank" АҚ қаржы кеңесшісі ретінде әрекет еткен J.P. Morgan-ның қатысуымен жүзеге асты.

Біздің "Home Credit Bank"-тегі үлесті бақылау пакетіне дейін ұлғайту –бөлшек сегментке қатысуды күшейту стратегиямызды іске асырудағы маңызды қадам. ForteBank пен Home Credit Bank-тің біріктірген күші арқасында біз өзіміздің клиенттерімізге бұдан әрі де ыңғайлы, жылдам әрі технологиялық қаржылық шешімдерді ұсынамыз", – деді "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тіолдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2025-11-25]