KZ
8 желтоқсан 2025, 01:16
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.11.2025 17:42 #Қаржы құралдары

25 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 24.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 25 қарашасынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:

1) NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) есеп айырысу күні 2025 жылдың 04 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

2) NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NKE_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

3) ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ETF (("KASE Global" секторы, BITI_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

4) ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ETF ((("KASE Global" секторы, ETHT_KZ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 03 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2025-11-24]