KZ
1 желтоқсан 2025, 09:03
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.11.2025 19:42 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ банктің ҒДҚ бағасы мен оларға қатысты өтінімдерді жинау процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды

/KASE, 21.11.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 19 қарашада жасалған жарияланымның жалғасы ретінде "АЛМЭКС" холдингтік тобы" акционерлік қоғамы ("АЛМЭКС" немесе "Сатушы акционер") және "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы ("Халық Банкі" немесе "Банк") бүгін (i) АЛМЭКС тарапынан Банктің 17 420 000 жаһандық депозитарлық қолхаттардың ("ЖДҚ") халықаралық ("Халықаралық ЖДҚ") ұсынуына ("Халықаралық ұсыныс") және (ii) АЛМЭКС тарапынан бір мезетте 205 000 ЖДҚ-ын жергілікті нарықта жергілікті ("Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ" және Халықаралық ЖДҚ-мен бірге бұдан әрі – "Ұсынылатын ЖДҚ») және АЛМЭКС тарапынан Банктің 121 800 000 жай акцияларын ("Акциялар") ("Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялар") ұсынуына ("Жергілікті ұсыныс" және Халықаралық ұсыныспен бірге бұдан әрі – "Ұсыныс") қатысты бағасы және өтінімдер жинау процесі сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды. Әрбір ЖДҚ 40 Акцияға сәйкес келеді. Ұсыныс аясында Ұсынылатын ЖДҚ және Жергілікті нарықта орналастырылатын акциялар саны Банктің айналымдағы Акцияларының 7,6%-ын құрайды.

Мәміленің жалпы көлемі 475 410 000 АҚШ долларын құрайды, ол 298,66 теңге бағасымен сатылған Жергілікті нарықта ұсынылатын 121,8 миллион Акциядан және бір ЖДҚ үшін 23,00 АҚШ доллары бағасымен сатылған 17,6 миллион Ұсынылатын ЖДҚ-дан құралады. 17,4 миллион Халықаралық ЖДҚ-ны Халықаралық ұсыныс аясында Қазақстан аумағынан тыс институционалды инвесторлар, ал 0,2 миллион Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ мен 121,8 миллион Жергілікті нарықта ұсынылатын Акцияны Қазақстандағы жергілікті инвесторлар сатып алды. Банк Ұсыныстан ешқандай табыс алмайды. Халықаралық ұсыныстың аяқталуы және Лондон қор биржасында бағаланатын негізгі бағалы қағаздар нарығында

Халықаралық ұсыныстағы ЖДҚ-ны сауда-саттыққа шығару, сондай-ақ Ұлыбританияның қаржылық реттеу және қадағалау басқармасының (FCA) ресми тізімінде белгілі бір бағалы қағаздарды (депозитарлық қолхаттар) білдіретін сертификаттар листингіне жатқызу 2025 жылғы 25 қарашада жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Astana International Exchange-де ("AIX") Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ және Қазақстан қор биржасында Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялармен сауда-саттық 2025 жылғы 25 қарашада басталмақ. Ұсыныс аяқталғаннан кейін АЛМЭКС Банктің 6 756 738 228 Акциясына ие болады, бұл Банктің айналымдағы Акцияларының шамамен 62 пайызын құрайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің тлық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің тлық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің тлық нұсқасы – толығырақ

[2025-11-21]