KZ
5 желтоқсан 2025, 00:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.11.2025 16:53 #Қаржы құралдары

21 қарашадан бастап Азия даму банкінің XS3231207146 (ASDBe23) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 21.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылдың 13 қарашасындағы шешімімен Азия даму банкінің XS3231207146 (ASDBe23; 30 762 250 000 теңге; 25.11.25 – 21.11.29; қалқымалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded + маржа 1,00 %; actual/365) халықаралық облигациялары "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" секторы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.

Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-11-21]