21 қарашадан бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00016124 (ORBSb6) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 21.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 20 қарашасында "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00016124 (ORBSb6; $100, $20,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360)облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"Orbis Leasing" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-21]