Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 қарашадан бастап "Garanti Leasing" ЖШС KZ2P00016017 (GLLKpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 21.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 20 қарашасында "Garanti Leasing" ЖШС (Астана) KZ2P00016017 (GLLKpp1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге, 4,5 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-21]