Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 қарашадан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың KZ2C00008621 (CCBNb34) облигациялары күшінің жойылуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 21.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 21 қарашадан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың KZ2C00008621 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb34; 1 000 теңге; 19,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон; 30/360) күшінің жойылуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2022 жылғы 04 тамыздан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне енгізілген болатын. Олар бойынша сауда-саттық ашылмаған.
[2025-11-21]