Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 қарашадан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013295 (MFMOb15) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады
/KASE, 20.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013295 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb15; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 18.11.25 – 18.11.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-11-20]