KZ
4 желтоқсан 2025, 20:45
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.11.2025 17:32 #Қаржы құралдары

19 қарашадан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00016160 (BTRKb28) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 19.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 18 қарашасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00016160 (BTRKb28; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 17 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 19 қарашасынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 12-ші шығарылымы болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-11-19]