KZ
18 желтоқсан 2025, 17:38
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.11.2025 15:52 #Корпоративтік уақиғалар

"KMF Банк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 14 қаңтарда өткізу туралы хабарлама

/KASE, 19.11.25/ – "KMF Банк" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2026 жылдың 14 қаңтарында қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) 2025 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қоғам бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарау туралы;

3) қоғамның 2026 жылға арналған бюджетін бекіту туралы;

4) қоғамның 2026, 2027, 2028 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы;

5) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мен шығыстардың өтемақысын төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-11-19]