19 қарашадан бастап "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС KZ2P00016116 (TTLSb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 19.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылғы 18 қарашада "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС (Алматы)KZ2P00016116 (TTLSb1; $100, $20,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 19 қарашасынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ болып табылады.
"TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС қызметінің негізгі түрі – көлік- экспедициялық қызметтер.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-19]