"HALYK FINANCE" АҚ SPO ШЕҢБЕРІНДЕ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН (KZ000A0LE0S4, HSBK) ҰСЫНУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
/KASE, 19.11.25/ – "Halyk Finance" АҚ бірлескен жаһандық үйлестіруші және букраннер ретінде Қазақстан қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы хабарлама берді:
дәйексөздің басы
АКЦИЯЛАР ҰСЫНЫСЫН ӨТКІЗУ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------------------------------------------
Эмитенттің Атауы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ
Сатушы акционердің атауы "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ
Бағалы қағаздардың түрі Жай акциялар ("акциялар")
ISIN бағалы қағаздар KZ000A0LE0S4
Тикер HSBK
Жазылым арқылы сатылатын жай акциялардың саны Жазылым нәтижелері бойынша анықталады
Бір Акцияның бағасы Соңғы баға өтінімдер кітабын қалыптастыру
аяқталғаннан кейін анықталады. KASE акцияларын
жария ұсынумен бір мезгілде сатушы Astana
International Exchange алаңында және халықаралық
нарықта ЖДҚ ұсынады. Акцияның түпкілікті бағасы
теңгемен белгіленеді және бағаны айқындау күнінің
алдындағы күні (20 қараша) қолданыста болатын
Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша
теңгеге айырбасталған 40-қа (қырыққа) бөлінген ЖДҚ
үшін ұсыныстың түпкілікті бағасына тең болады
-------------------------------------------------------------------------------------------------
АКЦИЯЛАРДЫ ЖАРИЯ ҰСЫНУДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Инвесторлардан өтінімдерді 2025 жылдың 19 қарашасында – Алматы уақыты
қабылдау кезеңінің басталу күні бойынша 13:00-ден 2025 жылдың 20 қарашасынан
мен уақыты бастап 2025 жылдыңы 21 қарашасын қоса алғанда –
Алматы уақыты бойынша 09:00-ден бастап
Инвесторлардан өтінімдерді 2025 жылдың 19 қарашасынан бастап 2025 жылдың
қабылдау кезеңінің аяқталу күні 20 қарашасыны қоса алғанда – Алматы уақыты
мен уақыты бойынша 18:00-ге дейін 2025 жылдың
21 қарашасында Алматы уақыты бойынша 13:00-ге
дейін*
Өтінімдерді растау кезеңі Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 15 минут
ішінде
Нарықтық өтінімдерді қабылдау Шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады
Қамтамасыз етудің жеткіліктілігін Алматы уақытымен 20 қараша күні сағат 17.00-ге
тексеру дейін
Сауда-саттық тәртіптемесі ОК-пен
Өтінімді қамтамасыз ету заты Бірыңғай шектелім
(сатып алуға)
Есеп айырысуды жүзеге асыру Қазақстандық теңге
валютасы
Өтінімдерді тексеру критерийлері 1) Инвестор-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) немесе инвестор-заңды тұлғаның атауы;
2) Жеке тұлға-инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН) немесе заңды тұлға - инвестордың бизнес –
сәйкестендіру нөмірі (БСН). ҚР бейрезиденттері
болып табылатын және жеке тұлға үшін жеке
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе заңды тұлға үшін
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) жоқ
инвесторлардан өтінімдер жіберілген жағдайда
критерий қолданылмайды;
3) Инвестордың – жеке тұлғаның азаматтығы немесе
заңнамаға сәйкес инвестор – заңды тұлғаны заңды
тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет;
4) Өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін
брокердің / Биржа мүшесінің атауы;
5) Инвестор түрі: жеке тұлға немесе ұйым.
Сатып алушылардың өтінімдерін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ
қанағаттандыру процедурасы
аяқталғаннан кейін мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт 2025 жылдың 25 қарашасында Алматы уақыты
бойынша 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні 2025 жылдың 25 қарашасында бірінші клирингілік
мен уақыты сессияда
Жергілікті ұсыныс бойынша
бірлескен жаһандық үйлестіруші "Halyk Finance" АҚ
және букраннер
-------------------------------------------------------------------------------------------------
* Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде жаңа бөлінген шот ашу депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты жазылымға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет.
Жазылымның басқа шарттары:
Қатысушылар арасында бағалы қағаздарды бөлу (жинау) тәсілі
Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе жартылай) сатушы акционердің өз қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Сатушы акционердің кез келген өтінімді (толық немесе жартылай) қанағаттандырудан өз қалауы бойынша бас тартуға сөзсіз құқығы бар.
Өтінім көлемі
Бір өтінімге акциялардың минималды саны: 1 (бір акция).
Бір өтінімге акциялардың максималды саны: шектелмейді.
Бір тұлғадан берілетін өтінімдер саны: шектелмейді.
Жария ұсыныстың өзге де шарттары
KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген форматта инвесторлар туралы ақпарат ашылған, атап айтқанда, веб- модуль арқылы (сауда-саттыққа қатысушыларға сілтеме KASE арқылы беріледі) Сатушының талаптарына сәйкес дербес деректер ашылған жағдайда ғана KASE қабылдайды. Бұл ретте KASE мүшелері веб-модуль арқылы KASE үшін ашылатын мәліметтердің/дербес деректердің дұрыстығына жауапты болады және бұл ақпарат эмитентке, сатушыға, үйлестірушіге және букраннерге де ашылатынына келіседі. Осыған байланысты омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінім беретін KASE мүшелеріне өтінімді қабылдау алдында немесе қабылдау процесінде өз клиенттерінен дербес деректерді ашуға тиісті келісімдер алу қажет. Қосымша, KASE мүшелері кез келген уақытта ұсынылған дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалау субъектілері болып табылатынын еске саламыз. Бұдан басқа, KASE мүшелері акциялардың жария ұсынысына қатыса отырып, өздерінің институционалдық клиенттерінің (заңды тұлғалардың) түпкілікті бенефициарлық меншік иелері (аты-жөні, азаматтығы, сәйкестендіру нөмірлері) туралы ақпарат беруге өз келісімін білдіреді.
Жергілікті ұсыныс бойынша бірлескен жаһандық үйлестіруші және букраннер: "Halyk Finance" АҚ.
Барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін локальді ұсыныс бойынша жаһандық үйлестірушіге және букраннерге хабарласуыңызды сұраймыз:
"Halyk Finance" АҚ: +7 (727) 339-43-77 / 88 (вн. 3373, 3356), ib@halykfinance.kz
дәйексөздің соңы
[2025-11-19]