KZ
21 қараша 2025, 10:45
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.11.2025 10:00 #Бағалы қағаздар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ нарықта ашық ұсыныс және Банктің ЖДҚ қатысты халықаралық және жергілікті инвесторлар үшін өтінімдер жинау процесі туралы хабарлайды

/KASE, 19.11.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"АЛМЭКС" холдингтік тобы" акционерлік қоғамы ("АЛМЭКС" немесе "Сатушы акционер") және "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамы ("Халық Банкі" немесе "Банк") халықаралық және жергілікті инвесторлар үшін жиынтықта Банктің айналымдағы жай акцияларының ("Акциялар") шамамен 4%-ын құрайтын, Банктің кем дегенде 12 миллион жаһандық депозитарлық қолхаттарына ("ЖДҚ"), олардың әрқайсысы 40 Акцияға сәйкес келеді, қатысты нарықта ашық ұсыну және өтінімдер жинау процесі туралы хабарлайды. Ұсыныс көлемі өтінімдер жинау процесі нәтижелеріне сәйкес ұлғайтылуы мүмкін. Мәміле Банк акцияларының өтімділігін жақсартуға және Банктің акционерлік базасын әртараптандыруға бағытталады.

Ұсыныс: (i) АЛМЭКС тарапынан Банктің ЖДҚ-ын халықаралық ("Халықаралық ЖДҚ") ұсынуды ("Халықаралық ұсыныс"); және (ii) ЖДҚ-ын жергілікті ұсынуды ("Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ" және Халықаралық ЖДҚ-мен бірге бұдан әрі – "Ұсынылатын ЖДҚ" ) және АЛМЭКС тарапынан Банк Акцияларын ("Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялар") ұсынуды қамтиды ("Жергілікті ұсыныс" және Халықаралық ұсыныспен бірге бұдан әрі – "Ұсыныс"). Жергілікті ұсыныс институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін Қазақстанда Astana International Exchange ("AIX") арқылы (тек Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ-ға қатысты) және Қазақстан қор биржасы ("KASE") арқылы (тек Жергілікті нарықта ұсынылатын акцияларға қатысты) жүргізіледі. Банк Ұсыныстан ешқандай түсім алмайды.

Халыралалық ЖДҚ Ұлыбританияның қаржылық реттеу және қадағалау басқармасының ("FCA") ресми тізімінде белгілі бір бағалы қағаздарды (депозитарлық қолхаттар) білдіретін сертификаттар санатына жатқызылып, Лондон қор биржасының (London Stock Exchange plc) бағалы қағаздар тізіміндегі негізгі нарықта сауда-саттыққа жіберіледі. Жергілікті нарықта ұсынылатын ЖДҚ және Жергілікті нарықта ұсынылатын акциялар AIX-те және KASE-де сауда-саттыққа жіберіледі.

Ұсынысты жүзеге асыру үшін бірлескен жаһандық координаторлар мен букраннерлер ретінде Citigroup Global Markets Limited, J.P. Morgan Securities plc және "Halyk Finance" АҚ тартылды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-11-19]