KZ
19 қараша 2025, 08:27
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.11.2025 18:20 #Корпоративтік уақиғалар

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ және Neftan Limited Эль-Сальвадорда әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасының бірлескен қаржылық мезханизмін іске қосу туралы келіссөздер жүргізілді

/KASE, 18.11.25/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ өкілдері Neftan Limited-пен (Лондон) бірлесіп ұлттық әлеуметтік тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік кепілдіктермен қаржыландыру құрылымын құру туралы келіссөздер жүргізу үшін Эль-Сальвадор Республикасына барды.

Сапар барысында делегация Эль-Сальвадор үкіметінің негізгі өкілдерімен келіссөздер жүргізді, олардың арасында — Заңнамалық Ассамблея Президенті Эрнесто Кастро Альдана, Тұрғын үй құрылыс министрі Мишель Соль және Қаржы министрінің міндеттерін атқарушы Херсон Посада болды.

Талқылаулардың негізгі тақырыбы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар үшін шамамен 4 000 пәтер салу бойынша мемлекеттік жобаның іске асырылуын қамтамасыз ететін тиімді қаржы құрылымын құру болды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-11-18]