Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 қарашадан бастап Азия даму банкінің XS3171554333 (ASDBe22) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне енгізілді
/KACC, 18.11.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Азия даму банкінің XS3171554333 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe22) халықаралық облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2025-11-18]