KZ
18 қараша 2025, 01:48
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.11.2025 16:32 #Корпоративтік уақиғалар

15 қаңтарда "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 17.11.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Эйр Астана" АҚ немесе "Қоғам"), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 2026 жылғы 15 қантарда өтетін Қоғам директорлар кеңесінің "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдауы жайында хабарлайды.

Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң) 35-37, 39-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының жеке отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін болады.

...

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:

1. Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға Боинг 787-9 үлгісіндегі әуе кемелерін сатып алу бойынша Қоғамның ірі мәміле жасасуы жайында шешім қабылдау туралы.

дәйексөздің соңы

Жиналыс өткізу туралы қазақ тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

Жиналыс өткізу туралы орыс тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

Жиналыс өткізу туралы ағылшын тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

[2025-11-17]