KZ
18 қараша 2025, 01:49
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.11.2025 16:00 #Қаржы құралдары

18 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында The Walt Disney Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 17.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 жетоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Walt Disney Company (АҚШ) US2546871060 ("KASE Global" секторы, DIS_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2025 жылдың 15 жетоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 жетоқсанынан бастап қайта басталады.

[2025-11-17]