KZ
18 қараша 2025, 01:49
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.11.2025 15:47 #Сауда-саттық ақпараты

19 қараша күні Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің Xs3231207146 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

/KASE, 17.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 19 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3231207146 халықаралық облигацияларына жазылу арқылы төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылым кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.

-------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:             халықаралық облигациялар
ISIN:                                XS3231207146            
------------------------------------ ------------------------
Жазылым күні:                        19.11.25                
Орналастырудың номиналды көлемі,     30 762 250 000          
теңге:                                                       
Сатып алуға өтінім түрі:             шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:         10:00–12:00             
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:    19.11.25, 15:00         
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 25.11.25, 10:00         
уақыты:                                                      
-------------------------------------------------------------

Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала болып табылады және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.

Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің ең төменгі көлемі 1 000 теңгені құрайды.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы кіреді.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-11-17]