KZ
18 қараша 2025, 01:40
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.11.2025 15:13 #Қаржы құралдары

17 қарашадан бастап "ТССП Групп" ЖШС KZ2P00014327 (TSSPb7) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 17.11.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 қарашасында "ТССП Групп" ЖШС (Астана) KZ2P00014327 (TSSPb7; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-11-17]