KZ
24 қараша 2025, 07:35
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.11.2025 17:01 #Сауда-саттық ақпараты

14 қараша күні Қазақстан қор биржасында екі облыстың әкімдіктері 2,3 млрд теңге тартты

/KASE, 14.11.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002780 (ZKK022_278; 1 000 теңге, 1 771 535 000 теңге; 14.11.25 – 14.09.27; жарты жылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360) 1,8 млрд теңгеге;

2) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002798 (SKK022_279; 1 000 теңге, 1 000 000 000 теңге; 14.11.25 – 14.09.27; жарты жылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360) 0,5 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2025-11-14]