14 қарашадан бастап "Terrox Metals" АҚ KZ1C00015502 (TRRX) жай акциялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілген
/KASE, 14.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен "Terrox Metals" АҚ (Астана) kz1c00015502 (сауда коды – TRRX) жай акциялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілді.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылдың 17 қыркүйегіндегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Terrox Metals" АҚ акцияларын шығару 196 600 жай акцияға бөлінген, бір акцияның номиналды құны – 1 000 теңге.
"Terrox Metals" АҚ қызметінің негізгі түрі – бағалы металдар мен сирек металдар кендерін өндіру.
Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-14]