KZ
16 қараша 2025, 01:37
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.11.2025 14:21 #Корпоративтік уақиғалар

Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылдың екінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелер туралы хабарлайды

/KASE, 10.11.25/ –Freedom Holding Corp. компаниясы (KASE тикері – FRHC_KZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Freedom Holding Corp. компаниясы 2026 фискалды жылғы ІІ тоқсандағы қаржы нәтижелерін жариялады, аталған фискалды жыл компания үшін 30 қыркүйекте аяқталды.

...

Компания өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 586,1 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2026 қаржы жылының екінші тоқсаны үшін 526,1 млн АҚШ доллары мөлшерінде жиынтық түсімді (таза) көрсетті. Түсімнің серпіні комиссиялық кірістің, пайыздық кірістің және тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден түскен түсімнің өсуіне байланысты, ол қайта сақтандыруды шегере отырып алынған сақтандыру сыйлықақыларының азаюымен, сауда бағалы қағаздарымен жасалған операциялардан таза қаржылық нәтиженің төмендеуімен, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша таза шығынмен өтелді.

2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қаражат пен оның баламасының, шектеулі қаражат пен инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады, жиынтық активтер 10,3 млрд АҚШ долларын, ал акционерлердің меншікті капиталы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 1 млрд АҚШ долларына жетті.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2024-11-10]