KZ
8 қараша 2025, 02:46
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.11.2025 16:09 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 4,4 трлн теңгені құрады

/KASE, 07.11.25/ – 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 4 446,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,3 %-ға өсті.

2024 жылдың он айлық (наурыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда- саттық көлемі 18,6 %-ға өсті.

Төмендегі кестеде 2025 жылдың тисті кезеңінде биржалық нарықтың көрсетілген секторындағы сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2024 жылдағы салыстырмалы деректер (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәміле жасасуға болады) келтірілген.

----------------------------------------------------
Жыл,       Бастапқы нарық Қайталама нарық*  Барлығы*
ай                                                  
---------- -------------- ----------------- --------
2025, I              44,8              56,2    101,0
2025, II            115,9              84,0    200,0
2025, III            77,7              62,8    140,5
2025, IV            403,8              70,9    474,7
2025, V             698,6              44,0    742,6
2025, VI            538,4              51,5    589,9
2025, VII           314,6              56,2    370,7
2025, VIII          339,9             156,9    496,8
2025, IX            494,4             176,4    670,8
2025, X             548,6             111,3    659,9
---------- -------------- ----------------- --------
Барлығы           3 576,7             870,1  4 446,8
---------- -------------- ----------------- --------
2024, I-X         2 575,7             662,0  3 237,6
тренд, %            +38,9             +31,4    +37,3
----------------------------------------------------
* репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.

[2025-11-07]