Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк "Bank RBK" АҚ KZ2C00015873 (INBNb17) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 07.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап "Банк "Bank RBK" АҚ KZ2C00015873 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb17; 1 000 теңге, 18,6 млрд теңге; 31.10.25-31.10.32; жылдық купон, жылдық 4,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-11-07]