06 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында бес атаудағы ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұрады
/KASE, 05.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 қарашасынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US78462F1030 ("KASE Global" секторы, SPY_KZ) SPDR S&P 500 ETF TRUST, есеп айырысу күні 2025 жылдың 19 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
2) US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 19 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
3) US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) The Consumer Staples Select Sector SPDR Fund, есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда- саттық 2025 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
4) US81369Y8865 ("KASE Global" секторы, XLU_KZ) The Utilities Select Sector SPDR Fund, есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
5) US92189F1066 ("KASE Global" секторы, GDX_KZ) VanEck Gold Miners ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 22 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда- саттықты тоқтата тұруы ұзартылды:
1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF – 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін;
2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF – 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін;
3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF – 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін;
4) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF – 2025 жылдың 26 желтоқсанына дейін.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-11-05]