04 қарашадан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигацияларының түрі мен айналым мерзімі туралы ақпарат өзгертілді
/KASE, 05.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb15; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі ай сайынғы купон, айналым басталғанда жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергенін хабарлайды:
- облигациялардың түрі индекстелген қамтамасыз етілмеген купондықтан қамтамасыз етілмеген купонддық болып өзгертілді;
- купон мөлшерлемесі өзгермелі, облигациялардың тіркелген облигацияларға айналымы басталғанда жылдық 20,00 % облигациялардан облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болып өзгертілді;
- айналым мерзімі үш жылдан екі жылға өзгерді.
Көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен орналастырылған – толығырақ
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2025 жылдың 03 қарашасындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгертулермен тіркеді" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – толығырақ
[2025-11-05]