05 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 04.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 қарашасынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен, есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 12 қарашасынан бастап қайта басталады;
2) Exxon Mobil Corporation (АҚШ) US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары, есеп айырысу күні 2025 жылдың 14 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап қайта басталады
3) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 16 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 18 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
4) iShares China Large-Cap ETF US4642871846 (сектор "KASE Global", FXI_KZ) ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 16 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, сауда-саттық 2025 жылдың 18 желтоқсанынан бастап қайта басталады.
Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша STATE STREET SPDR Bloomberg 1-3 MON ETF US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) сауда-саттығын тоқтата тұру мерзімі 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-11-04]