2025 жылдың қазан айында KASE МБҚ нарығына шолу
/KASE, 04.11.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығына қысқаша шолу ұсынады.
2025 жылдың қазан айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 108 облигация шығарылымы, оның ішінде 94 МЕКАМ шығарылымы және 14 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бір нота шығарылымы, жергілікті атқарушы органдардың 253 облигациясы және шет мемлекеттердің 57 облигация шығарылымы бар.
Қазан айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 599,3 млрд теңгені ($1,1 млрд) құрады және қыркүйекпен салыстырғанда 2,5 %-ға немесе 15,2 млрд теңгеге төмендеді. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 27,2 млрд теңгені (қайталама нарықта – 3,5 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 9 (қайталама нарықта – 6), бір мәміленің орташа көлемі – 2,9 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,6 млрд теңге) құрады.
Бастапқы нарықта қазан айында жалпы сомасы 521,5 млрд теңгеге ($970,1 млн) 69 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 0,2 %-ға немесе 0,9 млрд теңгеге төмен:
----------------------------------------------------------------------------------
Сауда- Сауда- Орташа- Өтеуге
Орналастыру саттық саттық Ұсынымға сарал. дейін
күні Торговый код ISIN көлемі, көлемі, сұраным кіріст., % мерзім,
млрд KZT млн USD жыл
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
07.10.2025 MOM060_0055 KZK200000778 0,4 0,7 2,7% 16,95 5,0
MUM216_0001 KZKD00000972 31,4 57,5 x2,4 16,90 10,8
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
14.10.2025 MUM096_0014 KZKD00001228 19,4 36,2 87,1% 17,25 5,6
MUM180_0015 KZKD00001186 82,8 154,0 x8,9 17,20 10,9
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
21.10.2025 MKM012_0161 KZK100000423 19,9 37,0 x2,7 17,20 0,6
MOM060_0055 KZK200000778 10,6 19,7 79,3% 17,15 5,0
MUM216_0001 KZKD00000972 80,5 149,6 x7,0 17,10 10,8
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
28.10.2025 KZ_26_3010 XS3212533262 105,7 196,5 0,0% 4,41 5,0
MUM120_0018 KZKD00000907 11,2 20,8 135,0% 17,12 1,7
MUM180_0008 KZKD00000659 14,0 26,0 144,2% 17,15 2,0
MUM300_0002 KZKD00000774 75,4 140,1 x8,2 17,10 13,7
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
29.10.2025 ATK024_220 KZMJ00002202 0,8 1,5 100,0% 0,35 1,7
DZK024_213 KZMJ00002137 3,8 7,1 100,0% 0,35 1,5
KSK024_211 KZMJ00002111 2,7 5,0 100,0% 0,35 1,5
SHK022_018 KZSJ00000184 4,9 9,2 100,0% 4,24 1,8
VKK024_218 KZMJ00002186 1,2 2,3 100,0% 0,35 1,6
ZKK024_222 KZMJ00002228 1,3 2,3 100,0% 0,35 1,7
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
30.10.2025 ABK120_283 KZMJ00002830 8,5 16,0 100,0% 18,90 10,0
DZK120_280 KZMJ00002806 16,5 31,2 100,0% 18,90 10,0
KGK120_285 KZMJ00002855 5,0 9,4 100,0% 20,20 10,0
KOK120_240 KZMJ00002400 1,9 3,5 100,0% 18,90 10,0
KOK120_284 KZMJ00002848 3,6 6,7 100,0% 18,90 10,0
PVK120_281 KZMJ00002814 7,2 13,5 100,0% 18,90 10,0
SHK120_019 KZSJ00000192 1,8 3,4 100,0% 18,90 10,0
SHK120_020 KZSJ00000200 7,2 13,7 100,0% 18,90 10,0
UTK120_282 KZMJ00002822 2,2 4,1 100,0% 18,90 10,0
ZKK120_286 KZMJ00002863 1,8 3,3 100,0% 20,20 10,0
----------- ------------ ------------ -------- ------- -------- ---------- -------
БАРЛЫҒЫ 521,5 970,1
----------------------------------------------------------------------------------
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 33,8 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 11,5 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 54,6 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 46,0 % құрады.
Қайталама нарықта қазан айында жалпы сомасы 77,8 млрд теңгеге ($144,2 млн) 138 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 15,6 %-ға немесе 14,3 млрд теңгеге төмен.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 29,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 7,5 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,0 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 57,7 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда-саттыққа қатысу үлесі 33,0 % құрады.
Қазан айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері мынадай өзгерістерді көрсетті:
----------------------------------------------------------------------
Бір айда
31.10.25 ж.б. өзгеруі,
мәні теңге / б.т.
------------------------------------------- ------------- ------------
"Таза" бағалар индекстері, теңге
----------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 188,32 4,68
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 923,18 1,04
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам 738,58 -3,55
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен аса 864,98 -0,92
KZGB_CP сегменттеу мерзімісіз 889,76 -1,20
----------------------------------------------------------------------
"таза емес" бағалардың индекстері, теңге
----------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 438,85 18,22
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 1 216,90 3,44
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам 996,92 6,81
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен аса 1 078,57 9,49
KZGB_DP сегменттеу мерзімісіз 1 072,81 5,99
------------------------------------------- --------------------------
Кірістілік индекстері, %
----------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен 16,87 0,07
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 17,05 0,17
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам 16,98 0,14
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен аса 17,02 0,14
KZGB_Y сегменттеу мерзімісіз 17,02 0,14
----------------------------------------------------------------------
[2025-11-04]