KZ
4 қараша 2025, 20:42
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.11.2025 15:18 #Сауда-саттық ақпараты

04 қараша күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZKD00000477 (MUM192_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 04.11.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 06 қарашада болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00000477 (MUM192_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 8 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 81,6096 % (кірістілік – жылдық 17,11 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 81,6561 % құрады (кірістілік – жылдық 17,11 %).

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 06 қарашада болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл МЕУКАМ KZKD00000477 (MUM192_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-11-04]