KZ
25 қараша 2025, 17:04
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.11.2025 11:00 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ хабарламасына қатысты ақпарат берді

/KASE, 04.11.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Қазахстан Халық Банкі" АҚ "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" АҚ ("АЛМЭКС" немесе "Бақылаушы акционер"), инвесторлық қауымдастықтан кері байланыс ала отырып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ("Halyk Bank") акциялары мен ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхаттар) өтімділігін арттыру мақсатында бірқатар балама нұсқаларын, соның ішінде капитал нарығында АЛМЭКС өз үлесін ішінара сату мүмкіндігін қарастыратынын жариялағаны белгілі болды. Қарастырылып жатқан нұсқалар қолайлы нарықтық жағдайларға байланысты болады.

Мұның өзінде АЛМЭКС Halyk Bank-те басым үлесін сақтап қалады және Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді табыстылығына деген ұстанымды толығымен қолдайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі ақпараттың тоық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі ақпараттың тоық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

Ағылшын тіліндегі ақпараттың тоық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2025-11-04]