Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигацияларының шығарылым аңдатпасын өзгерістермен тіркеді
/KASE, 03.11.25/ – R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (KASE тикері – MFRF) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 28 қазанда тіркеген KZ2P00012271 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb15; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі ай сайынғы купон, айналыстың басталу күніне жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларының, бұрын берілген мемлекеттік тіруке туралы куәлігінің орнына берілген, шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгерістермен мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік облигациялардың түрі мен айналым мерзімінің өзгеруіне байланысты ауыстырылды;
- облигациялардың түрі "қамтамасыз етілмеген индекстелген купондық облигациялардан" "қамтамасыз етілмеген купондық облигацияларға" өзгертілді;
- айналым мерзімі үш жылдан екі жылға өзгерді.
Аталған облигациялар шығарылымының аңдатпасы өзгертулермен жарияланды – толығырақ
[2025-11-03]