KASE өзінің интернет-ресурсында қазан айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларына Freedom Holding Corp. компаниясының PMI шолуын жариялады
/KASE, 03.11.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың қазан айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес компания) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірлері келтірілген.
"Қазан айында Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділіктің айтарлықтай және күрт төмендегені байқалды. Бұл салада үш ай ішінде осымен екінші рет жаңа тапсырыстар саны қысқарды, оған сұраныстың төмендеуі мен жекелеген компаниялардың жөндеу жүргізуі түрткі болды. Нарық қатысушылары теңгенің әлсіреуі, кедендегі тексерудің күшеюіне орай жүк жеткізудің кешігуі, тасымалдау құнының артуы және қоймадағы өнім қорының көбеюі секілді себептерді де атап өтті. Кәсіпорындар сату бағасын ұлғайтуда ұстамдылық танытты, десе де аздап жеделдеу байқалды. Сауалнамаға қатысушылардың алдағы уақыттағы шығарылымға қатысты оптимизмі екінші ай қатарынан жақсарғаны байқалды".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2025-11-03]